Қайғылы оқиға Алматының Бостандық ауданында болды. Тұңғыш Президент паркіне қарама-қарсы орналасқан көпірден ер адам құлап, қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастады. Куәгерлер әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысындағы көпірден құлаған адам туралы хабарлады.
Алматы Полиция департаменті ер адамның қаза тапқанын растап, Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Осы факті бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.