Алматы қаласының Әуезов ауданында, Саин көшесінің Абай даңғылы өткелінің астында көп тонналы жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алдын ала ақпарат бойынша, солтүстік бағытта келе жатқан Shacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бетон қоршауға соғылған.
Соққының қатты болғаны соншалық, жүк көлігінің кабинасы айтарлықтай механикалық зақымданған.
Полицияның мәліметіне сәйкес, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік материал рәсімдеді.