Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жоғары қабаттан секірген 1 курс студенті қаза тапты

Алматыда жоғары қабаттан секірген 1 курс студенті қаза тапты
Ашық дереккөзден

Алматы университтерінің бірінде 1-курс студенті оқу корпусының сегізінші қабатынан секіріп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы жағдай 6 мамыр күні таңғы сағат 09:00 шамасында болған. Abai University медиа орталығының жауабына сәйкес, марқұм «Философия» мамандығы бойынша мемлекеттік грантпен бірінші курста оқыған.

— Осы оқу жылы ішінде студент психологиялық көмекке жүгінбеген және мамандардың қабылдауында болмаған. Оның психоэмоционалдық күйіне байланысты қандай да бір шағымдар немесе мазасыздық белгілері тіркелмеген. Оқытушылардың айтуынша, студенттің үлгерімі жақсы болған, тәртібіне қатысты ешқандай ескерту жасалмаған, — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ университет өкілдері сессияның бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін нақтылады. Оқу орнының басшылығы қаза тапқан студенттің отбасымен кездесіп, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталым жатыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.