Зардап шеккен балаға дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, қолының сынғанын анықтады. Анасы Зарина Сапардың айтуынша, оқиғадан кейін сәби түні бойы жылап, ұйықтай алмай жүр.
«Бірден полицияға арыз жаздым, бірақ әзірге ешкім хабарласқан жоқ. Аудандық полиция бөліміне барғанда, “Ол кәмелетке толмаған, ештеңе істей алмайсыз” деді. Жасөспірімнің ата-анасы емдеу шығынын да, моральдық өтемақыны да төлеуден бас тартты», – дейді ол.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады.