Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жарылыс болып, екі адам отырған көлікті ұшырып жіберді

Алматыда жарылыс болып, екі адам отырған көлікті ұшырып жіберді
Фото:

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде жарияланды. Газ құбырындағы жарылыстың салдарынан Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі әуеге көтеріліп, жерге түскен кезде аударылып қалды. Ал көлік ішінде жүргізуші мен жолаушы болды.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін жаңа салынған жерасты газ құбырын қысыммен тексеру кезінде мердігер ұйым – «СантехКомплектГрупп» ЖШС жұмысы кезінде ауа қоспасы ауаға тараған.

«Оқиға салдарынан жол жабыны, ағаш және автокөлік зақымданды. Оқиға орнына қаланың барлық апаттық қызметі жедел жетті. Қазіргі уақытта аумақты тексеру және жарылыстың себептерін анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Оқиға болған аумақ қоршалды, тұрғындар үшін қауіп жоқ. Қаза тапқандар жоқ», – деп мәлімдеді компания өкілдері.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ жағдайды бақылауда ұстап отыр және азаматтарды сабыр сақтауға шақырады.

Өз кезегінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде екі адамның Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

«Қажетті тексерулер жүргізілгеннен кейін пациенттерге жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылды. Олардың жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Тексеруден кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.