Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда заңсыз адам тасымалдаған жүргізушілер жазалануда

Алматыда заңсыз адам тасымалдаған жүргізушілер жазалануда

Кәсіпкерліктің осы түрімен айналысам деушілерге жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талабы қойылмақ.

Алматыда заңсыз адам тасымалдайтын таксишілер салық төлемегені үшін көлігінен айырылып қалуы мүмкін. Бұл туралы zakon.kz Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Салық органдарының қызметкерлері салық оргадарына тіркелмеген әрі салық төлемей жүрген такси жүргізушілерін анықтап, жазалап жатыр.

"Бір күннің ішінде салық органдарында тіркелмей, жолаушы тасымалымен айналысқан 17 жүргізуші анықталды. Барлық жүргізушілерге 10 күн ішінде өз еркімен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге мүмкіндік берілді. Егер аталған ескертпеге бейжай қаралатын болса, іс материалдары сотқа жіберіліп, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тіпті, көліктері де тәркіленуі мүмкін", - деді Медеу аудандық МКБ өкілдері.

ҚР ӘқбК 463-бабына сәйкес салықтық органда тіркелмей, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғаларға 14 АЕК (37 875 теңге) айыппұл салынып, мүлкі немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заттар тәркіленуі мүмкін.

"Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, ол азаматтардың жұмыс өтілімінің көрсетіліміне, ресми келісім-шарттарды толтыруға, банктерден несие алған жағдайда кірісінің барын анықтауға мүмкіндік береді. Салық органдарына тіркелу үшін азаматтар тек жеке куәлігімен ХҚКО-ға барса болғаны. Жеке кәсіпкерлер тапқан табысының небәрі 1 пайызын ғана салыққа төлейді", - деп атап өтті ведомства қызметкерлері.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Бауыржан