Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда телеарна ғимаратында бомба бар деп хабарлаған ер адам анықталды - Тосын жай

Алматыда телеарна ғимаратында бомба бар деп хабарлаған ер адам анықталды - Тосын жай

Алматыда Республика алаңында орналасқан ғимаратта бомба бар деп хабарлаған ер адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, телеарна редакциясы мен тағы басқа БАҚ өкілдері орналасқан ғимараттан 600 адам эвакуацияланды. Сағат 12.45-те белгісіз біреу ғимаратта "бомба жатқаны" жайлы хабарлаған. Нысанды тексеру жұмыстары сағат 13.35-ке дейін жүргізілген. Іздестіру шараларына жеке құрамнан шамамен 30 адам қатысқан.

"Ер адамның аты-жөні анықталды. Ол осыған дейін қарақшылық шабуыл үшін сотты болған", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Осы бапқа сәйкес, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


© Куәгер жолдаған сурет

Автор
Санжар