Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда судья пара алып жатқан жерінен ұсталды

Алматыда судья пара алып жатқан жерінен ұсталды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Судья 100 мың теңге және 1 900 АҚШ доллары көлеміндегі параны қайтарып жатқан жерінен ұсталды, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Алматы қаласы Наурызбай ауданының судьясы пара алды деген күдікке ілінді. 

Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ішкі қауіпсіздік және Жоғарғы соттың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Наурызбай аудандық соты судьясының пара алу фактісінің жолын кесті.

"Судья бұған дейін алған 100 мың теңге және 1 900 АҚШ доллары көлеміндегі параны қайтарып жатқан жерінен ұсталды. Ол бұл ақшаны метрополитен тармағының құрылысы үшін жер учаскесін алу туралы азаматтық іс бойынша шешімді қожайынның пайдасына шешкені үшін алған. Бұл іс бойынша өтемақы сомасы 97 миллион теңге сомасында анықталған", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=GtDW16LlFGo[/embed]

25 қазанда қылмыстық қудалаудан босатылған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынды.

Сот күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтап, оған қатысты түпкілікті шешімді қабылдайды.


sputniknews.kz
Автор
Арман

Журналист