KZNews.kz
Қоғам

Алматыда студент мұғалімді пышақтап кеткен

Айжан Сыланова
Shutterstock.com

Алматыда студент оқытушыға пышақ жарақатын салды. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, күдікті ALT University студенті болуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.

Зардап шеккен мұғалім ауруханада тексеруден өтіп, үйіне жіберілген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →