KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Алматыда спортшы жас қызды соққыға жыққан видео тарады

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы құрылыс дүкендерінің бірінде әріптестер арасындағы жанжал төбелеске ұласқан. Жәбірленуші қыздың айтуынша, ер адам оған күш қолданып, салдарынан денсаулығына зақым келген, деп хабарлайды kznews.kz.

Жәбірленуші бастапқыда полиция арызын қабылдамағанын, кейін eOtinish арқылы өтініш жолдағанымен, жауап ала алмағанын айтқан.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 19 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу кезінде бейнебақылау жазбалары зерттеліп, әйелдің де әріптесіне соққы жасағаны анықталған. Полиция оның әрекеттеріне де құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Департамент қылмыстық істің тіркелмегені және сот-медициналық сараптама тағайындалмағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →