Шоу-бизнес

Алматыда шетелдік компания заңсыз иеленген жер телімі қайтарылды

Алматыда шетелдік компания заңсыз иеленген жер телімі қайтарылды

Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталған, себебі шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды.

«Алматы қаласының прокуратурасы негізгі құрылтайшысы шетелдік компания болып табылатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарылуына қол жеткізді», – делінген хабарламада.

Осылайша, прокуратураның талап-арызы бойынша 2025 жылғы 16 шілдеде қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды. 2 қазанда өткен апелляциялық отырыс та алдыңғы сот актісін өзгеріссіз қалдырды.

Ал мемлекетке қайтарылған жер телімінің жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайды екен.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz