Астана, BAQ.KZ. Алматы облысында құрылыс базарындағы өрт сөндірілді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Ведомстваның ақпаратына қарағанда, 1400 шаршы метр алаңдағы құрылыс материалдары бар 43 контейнер өртенді.
"Өрт сағат 07:30-да оқшауланып, сағат 08:38-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 26 адам мен 7 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамынан 6 адам мен екі өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Қазір өрттің пайда болу себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде