KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматыда коронавирус жұқтырған екі адамның жағдайы белгілі болды - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда анықталған коронавирустың соңғы екі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бірінші жағдай - бұл 1998 жылы туған студент қыз. Ол бізге 15 наурызда Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келді. Екінші жұқтыру - 1974 жылғы әйел, Мәскеуден Алматыға 10 наурызда ұшып келді. Олар стационарда карантинде. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", - деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 35 жағдайы тіркелді, олардың ішінде Алматыда - 17 адам, Нұр-Сұлтанда - 18 адам.

Еске сала кетейік, Алматыда коронавирустың тағы екі жаңа оқиғасы анықталғаны хабарланды.

 


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →