"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны артуда - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны артуда - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда балалар коронавирусқа жиі шалдыға бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігер Айзат Молдақасымова мәлім етті. 

Айтуынша, бұған дейін Алматыда коронавирус шалдыққандардың ең көп бөілігі 20-39 жас аралығындағы адамдар болған. 

"Қазір 50-59 жас аралығындағылар індетті жиі жұқтырып отыр. Осы жаса аралығындағы науқастардың саны күрт артып кетті. Бұған қоса 16 жасқа толмағандар да ауруды тез қабылдап алып жүр. Сондай-ақ 30-39 жастағы ересектердің арасында науқастардың саны жетіден 21-ге дейін өсті", - дейді қаланың бас санитар дәрігері.  

Балалар көбіне індетті ата-анасынан жұқтырады екен. 

Мұнымен қоса Айзат Молдақасымова Алматыда әкесінен ауру жұқтырған бір отбасының төрт мүшесі ем қаьылдап жатқанын айтып кетті. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетіп отыр. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан