Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда картингте 10 жастағы бала қаза тапты

Алматыда картингте 10 жастағы бала қаза тапты

Алматы облысының Іле ауданында картингте 10 жастағы бала қаза болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, алдын ала мәлімет бойынша, бала картингті басқарып келе жатып, пластмассадан жасалған қоршау блоктарын бұзып өтіп, сол жерде тұрған ГАЗ-53 су тасығышымен соқтығысқан.

«Куәгерлердің айтуынша, картинг әйел басқарған басқа картингтің соққысынан инерция арқылы қоршаудан шығып кеткен», - деді полицейлер.

Оқиға орнында Іле аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары