«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда карантин режимі іске қосылды: Блок-бекеттердегі жағдай қалай? (фото) - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда карантин режимі іске қосылды: Блок-бекеттердегі жағдай қалай? (фото) - Қазақстан жаңалықтары

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі бүгін сағат 00:00-де іске қосылды. Stan.kz редакциясының тілшісі қаланың шығаберісінде орналасқан блок-бекеттердің біріне барып, ондағы жайтты біліп қайтты. 

Қазақстаның екі ірі мегаполистері карантинге мемлекеттік комиссияның шешімімен жабылды. Бұл жағдай президенттің елімізде төтенше жағдай жариялауына байланысты жүзеге асырылып отыр. 

Райымбек даңғылындағы "Барлық" базарының маңындағы блок-бекетте қазіргі уақытта қалаға ағылған жұрт пен керісінше сыртқа қашып жатқандардың ағымы әлі тоқтамапты. Иықтарына қару асынған полиция қызметкерлері мен арнай жасақ жауынгерлері бекет маңына артық ешкімді жолатпай, келушілерді біртіндеп кіргізіп жатыр.

Тілшінің хабарлауынша, алғашында келіп-кетушілерді арнайы тепловизор құрылғысы арқылы тексеріпті, алайда қазір қалаға келгендерден олардың жеке куәлігі мен Алматыда тіркеуде екендігі туралы анықтама ғана талап етілуде. 

"Қалада тіркеуде екендігін дәлелдейтін құжаты мен жұмыс орнынан анықтаманы тексеріп жатырмыз. Егер қолында осы қағаздар болса кіргіземіз. Көліктерге қойылатын талап басқа. Қаладан адамдарды кедергісіз шығарып жатырмыз", - Наурызбай ауданының полиция бөлімшесінің капитаны Көшімбаев Алмас. 

Блок-бекеттерде тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ жауынгерінен бөлек жедел жәрдем қызметкерлері де жүрген көрінеді. 

Ақпарат әлі толықтырылады.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан