"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан адам ұсталды

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан адам ұсталды

Алматыда полиция Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Kznews.kz ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.

10 тамызда Алматыда өткен америкалық әншінің концертіне барлық жанкүйер кіре алмады – кейбірі қолдан жасалған билеттер сатып алған. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтық жасады деген күдікпен бір адам қамауға алынды.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, екі жалған билет сатқан.

«Мұндай жағдайға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан алуды кеңес етеміз», – деді Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.