Алматыда Денис Тен пышақталған жерде тағы бір жұлдыздың айнасы ұрланды
19.03.2019
13:00
0
5

Ұрылар пышақпен қаруланған болуы мүмкін, айнаның сымдарын кесіп алған екен.
Танымал әнші және продюсер Рано Умарованың көлігінен айна ұрланды. Ол көлігін Денис Теннің қайғылы оқиғасы болған жерге жақын тұста қалдырып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші болған жағдайды өзінің instagram-парақшасында жариялады.
- Өткен демалыста Денис Теннің қайғылы оқиғасы болған жерден 50 метрдей жерде менің көлігімнің айнасын тамырымен қоса жұлып, ұрлап кетті. Екінші айнаны ұрлап үлгермеген, мен 20 минутқа қана кетіп қалып едім! Мені көріп шошыған болар. Егер жалғыз болсам, не болар еді? – деп жазды әнші қыз.
Ол полиция шақырды. Ұрылар пышақпен қаруланған болуы мүмкін, айнаның сымдарын кесіп алған екен.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ