KZNews.kz
Саясат

Алматыда бұрынғы вице-министрлер 75 мың доллар парамен ұсталды: сотқа дейінгі тергеу басталды

Torgyn Abushakhman

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында айғақ зат ретінде ақша тәркіленді

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі пара алу және беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізілуде, деп хабарлайды Kznews.kz

Жүйелі түрде заңсыз сыйақы берілген

Тергеу барысында анықталғандай, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызмет көрсету барысында жеке мүдделерін ілгерілету үшін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» басшыларына жүйелі түрде пара берген.

75 мың доллар пара беру кезінде ұсталды

2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 75 мың АҚШ долларын пара ретінде беру кезінде келесі тұлғаларды ұстады:

Ірі көлемдегі қолма-қол ақша тәркіленді

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында айғақ зат ретінде ақша тәркіленді:

Сот қамауға алу санкциясын берді

2025 жылғы 30 маусымда соттың шешімімен екі ай мерзімге қамауға алынды:

Тергеу жалғасуда

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейді.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары