Тәуекел тест-драйвы: Ұлттық банк криптонарыққа 350 млн доллар жұмсамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда «Асқар Сүлейменов және театр» көрмесі өтеді

Алматыда «Асқар Сүлейменов және театр» көрмесі өтеді
21 Желтоқсан 2018, 16:45 262 0

Астана, BAQ.KZ. Ертең 23-желтоқсан күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл толуына орай баспасөз конференциясы және «А.Сүлейменов және театр» көрмесінің ашылуы өтеді.

Ал кешкі 18.30 да жазушының «Адасқақ» циклі бойынша сахналанған «Біржанның соңғы әні» спектаклі қойылады.

Асқар Сүлейменов ұлттық рухани жаңғыруға, ойдың, өнердің түлеуіне үлкен үлес қосқан ірі тұлға. Өз кезеңінің рухани көшбастарларының бірі болған ол қай жерде қызмет етсе де ұлттық мүддені ту етті. «Қазақфильм» киностудиясында Асқар Сүлейменовтің сценарийімен «Адамдар мен арғымақтар», «Құлагер» фильмдері түсірілді, ол «Қыз Жібек» фильмінің редакторы ретінде көп жұмыс тындырды, М.Әуезов театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен жылдары ұлттық классиканың жаңаша интерпретациялануына үлес қосты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Арман