KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматыда алапат өрттен аспанды қара түтін басты

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Қою қара түтін қаланың бірнеше аймағынан байқалды, деп хабарлайды kznews.kz

Қою түтін туралы алматылықтар әлеуметтік желіде жазды.

“Алматыда өрт болып жатыр ма? Жақын маңда тұратындар бар ма? Мен алаң жақтан, Қонаев пен Мақатаев көшелерінің тұсынан көріп тұрмын”, “Біз марафон жүгіріп жатқанда, жақын маңда өрт болды. Не болғанын білетіндер бар ма? Барлығы аман-есен болса екен”, “Дәл қазір Тастақ ауданында ірі өрт болып жатыр”, – деп жазды желідегілер.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматының Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан өрт шыққан.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимарат ашық жалынға оранған. Өрттің жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі болған.

Өрттің ауқымы алыстан байқалған. Қою қара түтін қала үстіне көтеріліп, тіпті таулы аймақтардан да көрінген.

Қазір өрт сөндірушілер жағдайды бақылауға алған. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар жанып жатқан ғимараттың кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сағат 09:37-де оқшауланған.

Видео / жазбаны ашу

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →