"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы тұрғыны жағдайы нашар адамдарды түскі аспен қамтамасыз етіп отыр

Алматы тұрғыны жағдайы нашар адамдарды түскі аспен қамтамасыз етіп отыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматылық Расима Темербаева 2019 жылы «Қайырымды түскі ас» жобасын ұйымдастырып, халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін түскі ас беру жолдарын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Қазіргі кезде 134 адамға тегін тамақтануды ұсынып отырған ерікті алдағы уақытта 400 адамды түскі аспен қамтуды көздеп отыр. Оның айтуынша, алға қарай бұл көрсеткішті 1 мың зейнеткерге, ерекше қажеттілігі бар және көп балалы отбасылармен көбейтуді жоспарлауда. Ыңғайлы болу үшін ол қаланың бірнеше тұрғын аудандарында түскі ас таратпақ.

«Мәзір «№5 стол» диетасына сәйкес келеді, өйткені зейнеткерлік жастағы адамдар көбінесе қант диабетінен зардап шегеді. Біз мәзірді әр күн сайын ауыстырып отырамыз. Мысалы, балық котлетін буға дайындаймыз, тауық етін және етті көкөністермен бұқтырып пісіреміз», -дейді Р.Темербаева.

Тамақтанудан басқа, жобаны ұйымдастырушы зейнеткерлердің демалысын да ойлап, келешекте тынығу Орталығын ашуды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, бұл жоба мұқтаждарды азықтандыруға ғана емес, қоғамның әлеуметтенуіне де мүмкіндік береді.

Қордың банк шотына ақша қаражатын аудару арқылы кез-келген адам жобаға қолдау көрсетуге қатыса алатынын ескертеміз. Барлық нақты ақпаратты Facebook парақшасындағы «Алматыда тегін түскі ас» тобынан оқи аласыздар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар