Алматы қаласы полиция департаменті әлеуметтік желілерде қала мектептеріне террористік шабуыл дайындалып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
"Аталған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта қаладағы мектептер толық бақылауда. Полиция және өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар аталған жалған ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары басталды. Жалған мәліметтің таралуына қатысы бар азаматтар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.