Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері көшеде маска кию керектігі жайлы айтты - Қазақстан жаңалықтары

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері көшеде маска кию керектігі жайлы айтты - Қазақстан жаңалықтары

Алматыдағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Айзат Молдағасимова көшеде бетперде кию керектігі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол ДДСҰ-ның жақында берген кеңестерінде маска кию коронавирус инфекциясын болдырмауға арналған қажетті шаралардың бірі деп есептегенін атап өтті.

"Эпидемиолог ретінде мен көшеде мұндай шұғыл қажеттіліктің жоқтығына сенемін, егер сіз ешкіммен жүрмесеңіз, ешкіммен байланысқа шықпасаңыз, бетперде киюдің аса үлкен қажеттілігі жоқ. Жабық аумақта маска кию - алдын алу шараларының бірі", - деді Айзат Молдағасимова онлайн-брифинг барысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Алматыда карантин енгізілгеннен кейін, вирус жұқтыру бойынша өсу саны төмендеген.


stan.kz
Автор
Еркебұлан