Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Нұрлан Әбдірахым Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметте денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды қадағалайды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нұрлан Әбдірахым бұл қызметке тағайындалғанға дейін 2023 жылдың сәуірінен бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Қайнар университетін және Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірген. Ол заңгер және саяси ғылымдар бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесіне ие.

Нұрлан Әбдірахым еңбек жолын 2001 жылы "Астанаэнергосервис" ААҚ-да абоненттік учаске бақылаушысы қызметінен бастады. Әділет министрлігінде жетекші маманнан бастап департамент директорына, Зияткерлік меншік комитетінің төрағасына дейінгі қызметтерді атқарған.

Ол Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін де атқарған. "Құрмет" орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.