KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматы облысында жол жиегінен 8 айлық сәби табылды

• Айжан Сыланова
Фото: instagram/volontery_lider.kz_almobl

Алматы облысының Жамбыл ауданында табылған кішкентай қыздың анасы немесе жақын туыстарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ақпаратты Lider.kz еріктілер қозғалысы жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Еріктілердің мәліметінше, сәби 2025 жылғы 24 қазанда күндіз Алматы – Бішкек тасжолының бойынан табылған. Жол бойымен өтіп бара жатқан азаматтар жалғыз қалған баланы байқап, бірден полицияға хабар берген.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала шамамен 7–8 айлық. Табылған кезде оның үстінде ақ-қызғылт түсті комбинезон мен қызғылт телпек болған.

Қазіргі уақытта сәби қауіпсіз жерде, ал құзырлы органдар оның ата-анасы немесе жақын туыстарын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еріктілер қыз балаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды өздеріне хабарласуға, әлеуметтік желідегі парақшаларына жазуға немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға шақырды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →