Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында парашютпен секірген полковник ажал құшты

Алматы облысында парашютпен секірген полковник ажал құшты

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әскери қызметкердің қазасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Алматы облысында биіктен секірген әскери қызметкер парашюті ашылмай қалып, ажал құшты. Қайғылы оқиға Қапшағай маңындағы оқу-жаттығу алаңдарының бірінде болған.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "МИ-17" тікұшағынан төменге құлдилаған полковник Алдоңғаровтың жерге 300 метрдей қалғанда парашюті ашылмай қалыпты, деп хабарлады КТК арнасы.

Десанттық-шабуылдау бригадасының офицері қауіпсіздік ережесін сақтамаған деген болжам айтылды. Марқұм қосалқы парашютті де іске қосып үлгермеген. Полковник сол жерде тіл тартпай кетті.

Жоспарлы жаттығу "Бүркіт" арнайы құрылымының талабына сәйкес 1200 метр биіктіктен секіру бойынша жүргізілген екен. Бұл аэроұтқыр әскерлері орындайтын жауынгерлік даярлық.

Қазір қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Яғни қызметке салғырт қарап, ауыр зардапқа әкеп соғу бойынша тексеріс жүргізілуде.


sputniknews.kz
Автор
Арман