KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматы облысында коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам Алматы облысында тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанда 21 наурыздағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Талдықорған қаласында тіркелді", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Бірақ кейіннен денсаулық сақтау министрлігі коронавирус ауруы Талдықорған қаласында емес, Алматы облысының Қарасай ауданында тіркелгенін хабарлап, ақпаратты өзгертті

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам,  Қарағанды қаласында -  2, Талдықорған қаласында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді.


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →