Шоу-бизнес

Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды

Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сотталғандарға өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Алматы облыстық мәслихатының депутаты ұлымен бірге 111 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратынша, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Бекішев пен облыстық мәслихаттың депутатына сот үкімі шықты.

Сот барысында облыстық мәслихаттың депутаты, "УМР-3" ЖШС басшысы Б.Артемов ұлымен бірге Талғар су торабын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актісіне кедергісіз қол қою үшін Бекішевке 5 550 000 теңге пара берген.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда бірнеше полицей сотталды

"Талдықорған қалалық сотының үкімімен Бекішев пара алғаны үшін 4 жылға сотталды. Ал депутат пен оның ұлына пара бергені үшін әрбіреуіне 55,5 миллион теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


sputniknews.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz