"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында 2024 жылға қарай 5 G интернет қолжетімді болмақ

Алматы облысында 2024 жылға қарай 5 G интернет қолжетімді болмақ

Алматы облысында 384 ауыл бар, өңірде елді мекендерді ғаламторға қосу ісі қарқынды.

«КаР-Тел» ЖШС-і Ұйғыр ауданының Кепебұлақ ауылын мобильді байланыспен, интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде, сондай-ақ жыл соңына дейін Балқаш ауданының Орақты батыр, Қараөзек және Қоскүмбез ауылдарын мобильді интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданында екі ауыл спутник арқылы интернетке қосылған. Облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, бұл істерге ілінбеген өзге елді мекендер "Қолжетімді интернет" жобасы аясында ғаламторға қосылады.
Бүгінгі күні облыстық басқарма жеті бірдей компаниямен келісім шартқа отырған.
Облыстық Цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос ақылдың айтуынша елімізде пилотты жоба түрінде 5G интернеті енгізілуде. 2024 жылы аталған интернет байланысы Алматы облысында қол жетімді болады деп жоспарланған.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары