ка

Алматы маңында магнитудасы 4,1-ге тең жер сілкінісі болды - Тосын жай

10.12.2018 12:42
0
2

Алматыдан 133 шақырым жерде магнитудасы 4,1-ге тең жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының сайтына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша 10 желтоқсанда сағат 06.58-де (Гринвич бойынша, 00:58:45 секундта) тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан Қырғыстанға қарай 133 шақырымда болды.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,2-ге тең. Магнитудасы MPV - 4,1, тереңдігі - 20 шақырым.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий