Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы маңында екі үндістандық студент қаза тапты

Алматы маңында екі үндістандық студент қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Алматы маңындағы тасжолда жол апаты салдарынан Үндістаннан келген студенттер қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, қайғылы жағдай 6 қаңтар күні тіркелген.

Астанадағы Үндістан елшілігінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған көлікте Үндістанның бес азаматы болған. Олардың төртеуі Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында білім алып жүрген студенттер, ал біреуі турист болған. Олар Шымкенттен Алматыға жолға шыққан.

Елшілік таратқан ақпаратқа сәйкес, екі адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы үш азамат ауыр жарақат алып, қазір жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Сондай-ақ Үндістан елшілігі қаза тапқан студенттердің отбасыларына көңіл айтып, марқұмдардың Раджастхан штатынан шыққанын мәлімдеді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі