KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматы базарындағы қоймадан алапат өрт шықты

• Айжан Сыланова

Алматы қаласындағы барахолка аумағында орналасқан қойма өртеніп кетті, деп хабарлайды kznews.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт Алатау ауданының Шапағат шағын ауданындағы Шоссейная көшесінде болды. Өрт сөндірушілер келгенде ашық от шарпығаны көрінді.

«Төтенше жағдай қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында кәсіпкерлердің мүліктерінің айтарлықтай бөлігі сақталды», – делінген хабарламада.

Өрт шамамен жарты сағатта толық сөндірілді. Өрт шыққан алаң шамамен 200 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →