"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы әуежайында ақтаулық прокурор ұсталды

Алматы әуежайында ақтаулық прокурор ұсталды

Ақтау қаласының бас прокуроры Ерболат Әбдіров Алматы әуежайында ұсталғаны туралы мәлімет тарады. Қадағалаушы орган бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Kznews.kz

Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіровтің ұсталғаны туралы ақпарат Telegram-арналарда тарады.

Мәліметке сәйкес, оны Алматы әуежайында ІІМ көліктегі полиция департаментінің әуежайдағы полиция бөлімінің қызметкерлері «мас күйіндегі жанжал шығарғаны» үшін ұстаған.

Әбдіров 1977 жылы туған, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі («Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу») және 434-бабы 1-бөлігі («Қоғамдық орындарда былапыт сөздер айту, азаматтарға тиісу және басқа да қоғамдық тәртіп пен адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер») бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Маңғыстау облысының прокуратурасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

– Бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қызметкерге қатысты тиісті шаралар қабылданады, – деп хабарлады ведомство Lada.kz-ке.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.