KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматы әуежайында 21 кг марихуана алып өтпек болған күдікті ұсталды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөзден

30 мамырда ҰҚК полиция, кеден органдарымен және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, Алматы қаласының әуежайында есірткіні алып өту әрекетін тоқтатты. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

— Оңтүстік-Шығыс Азияның бір елінен келген шетел азаматының багажын тексеру барысында шамамен 21 кг өсімдік заты «марихуана» табылған. Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды, — делінген хабарламада.

Полиция органдары бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК шекарада 6,9 млрд теңгенің декларацияланбаған валютасын алып өтпек болғандарды тоқтатқан еді.


 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →