Шоу-бизнес

Алматы әкімдігінен Тимур Құлыбаев компаниясы 34 млрд теңге өндіріп алмақ

KZNEWS KZNEWS
Алматы әкімдігінен Тимур Құлыбаев компаниясы 34 млрд теңге өндіріп алмақ

Кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 млрд теңге өндіріп алмақшы. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді. 

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жерлерін қайтару туралы атышулы іс бойынша сот шешімі бойынша бизнес-орталық салу үшін жерінен айырылған Тимур Құлыбаев фирмасы Алматы әкімдігіне 34 млрд теңге сомасында шот-фактура жасады. Соттан ұтылғаннан кейін компания енді бизнес-орталық салу кезінде өзінің заңсыз инвестицияларын өндіріп алғысы келеді", - деді Базарбек.

Осы факті бойынша ол Бас прокуратурадан мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беруді сұрады.

2022 жылдың қазан айында Алматы қаласы бойынша жер ресурстарын басқару комитетінің департаменті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағының бір бөлігін иеліктен шығарудың заңдылығына тексеру жүргізді. Алматы әкімдігі университеттің жер учаскесінің бір бөлігін иеліктен шығару туралы қаулыларды заңсыз қабылдағаны белгілі болды.

Фото: ашықдереккөз

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz