Бүгінгі күні Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 29-ға жеткен, оның ішінде екі бала бар. Науқастар оқшауланған жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған. Жағдайлары - қанағаттанарлық, екеуінің орташа ауыр жағдайда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі күні Алматы аумағында 15 коронавирустық инфекция ошағы бар:
Алатау ауданында - 2 ошағы тіркелген. "Заря Востока", Сары-ой көшесі, 234; ш.а. "Ақкент", 7.
Алмалы ауданында - Желтоқсан көшесі, 125; Байтұрсынов көшесі, 78/1; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекен-жайлары бойынша 4 ошақ.
Медеу ауданында - Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75 мекен-жайлары бойынша 3 ошақ.
Жетісу ауданында - Еңлікгүл, 34а, Волочаевская, 51 көшелері бойынша 2 ошақ.
Түрксіб ауданында 4 ошақ тіркелген. "Алтай-1", 8; ш.а. "Жас Қанат", 86; Майлин к-сі, 77; Спасск, 63.
Қала билігі қала тұрғындарын карантин режимін сақтауға, карантиндік аймақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыстарымен, достарымен және әріптестерімен қарым - қатынасты шектеуге шақырады.
Клиникалық симптомдар пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, құрғақ ұзақ жөтел, әлсіздік) учаскелік дәрігерді телефон арқылы үйге шақыру немесе өзіне "жедел медициналық жәрдем" дәрігерін шақыру қажет.
Өзін - өзі емдеуге, препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қабылдауға, алдын алу шараларын сақтауға:
- үй-жайларды күніне 2 реттен кем емес желдетуге;
- күн сайын ылғалды тазалау жүргізуге;
- қолды сабынмен жиі жууға;
- жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т. б.) пайдалану.
Коронавирустық инфекцияны жұқтырғандармен байланыста болған адамдар отбасында, жұмыс (оқу) орны бойынша СОVID-19 науқастарымен соңғы байланыста болған сәттен бастап инкубациялық кезең мерзіміне (14 күн) өзін-өзі оқшаулаудың қатаң режимін (көше бойынша қозғалу құқығынсыз үй карантин) сақтауы қажет.
Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын 1406 және Open Almaty 1308 нөмірлері бойынша call-center-ге хабарласыңыз. Катаралды белгілері бар адамдар анықталған жағдайда дереу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне тәулік бойы 382-33-50 телефоны бойынша хабарлау керек.
Ресми ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің ресми беттерінде және әлеуметтік желілерде қолжетімді. Қосымша ақпарат Telegram-stopcov Almaty арнасында және Darmen қосымшасында жедел орналастырылады.
stan.kz