KZNews.kz
Шоу-бизнес

Әлішер Кәрімов сырт келбетіне қатысты шындықты айтты

Torgyn Abushakhman

Танымал қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов пластикалық ота мен косметологиялық процедураларға жүгінетінін жасырмады. Бұл туралы ол YouTube желісіндегі «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі сахна адамы үшін сырт келбетке күтім жасау – қалыпты жағдай екенін атап өтті. Оның айтуынша, кейде косметологқа барып, бетіне екпе салдырады.

«Көзіме жасадым. Кейде екпе салғызамын, косметологқа барамын. Мен үшін бұл қалыпты нәрсе. Себебі сахнада жүрген адаммын. Көрермен сені жылдар өтсе де жас қалпыңда көргісі келеді», – деді Әлішер Кәрімов.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары