KZNews.kz
Шоу-бизнес

Әлия Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды

KZNEWS

Әлия Назарбаева «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің төрайымы болды, деп хабарлайды zakon.kz .

"Экологиялық ұйымдар қауымдастығы төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің төрайымы болды. Бұл туралы 5 сәуірде өткен «Жасыл Ел» МТО Кеңесінің 1 отырысында айтылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Кеңес құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері кіргені туралы хабарланды.


«Жасыл Ел» МТО-ның Республикалық штабының жетекшісі Азамат Даниярдың айтуынша, бүгінде аймақтық штабтар Шымкенттен басқа 16 аймақта жұмыс істейді. Мүшелер саны жылына 20 мың адамды құрайды. Отырысты қорытындылай келе, «Жасыл Ел» РТО МТО басшысы олардың санын 30 мың адамға жеткізу жоспарларымен бөлісті.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары