"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

әлі де қарыз алуға мүмкіндік бар

әлі де қарыз алуға мүмкіндік бар

Қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік борышының қауіпсіз деңгейі ЖІӨ-нің 23,6 процентіне тең, ал бұл көрсеткіш 50 проценттен асқанда қауіпті болып есептеледі

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мемлекеттік борыш қауіпсіз деңгейде екенін айтты. Яғни, ел билігінің экономиканы дамытуға әлі де қарыз алуына мүмкіндік бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекеттік борышты анықтаудың басты критерийі оның қауіпсіз деңгейде сақталуы. Қазіргі таңда бізде мемлекеттік борыштың қауіпсіз деңгейі жалпы ішкі өнімнің 23,6 процентіне тең. Ал қауіпсіз деңгей ЖІӨ-нің 50 проценті деңгейінде белгіленген. Қазір біз бұл көрсеткіштен асып кеткен жоқпыз. Мемлекеттік берешек қауіпсіз деңгейде. Бұл бізге одан әрі қарыз алып, экономиканың дамуына жұмсауға мүмкіндік береді", - деді Шолпанқұлов онлайн брифингте.

Сондай-ақ ол бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 триллион теңге қарыз алу керек екенін атап өтті.

"Оның ішінде біз 3 миллиард долларға жуық қаражатты сыртқы капитал нарығынан алуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Айта кетсек, бүгін үкіметте 2020 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды. Оған сәйкес, бюджет тапшылығы 841 миллиард теңгеге ұлғайтылып, 2,4 триллион теңгені құрады.

Республикалық бюджеттің түсімдері 11,8 триллион теңге, ал шығыстар 1,4 триллион теңгеге артып, 14,3 триллион теңгеге жетіп отыр.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан