Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Альфонсо Куаронның "Рим" картинасы "Оскарға" үмітті

Альфонсо Куаронның "Рим" картинасы "Оскарға" үмітті

Альфонсо Куаронның "Рим" аталатын драмасы биылғы Венеция кинофестивалінде үздік танылып "Алтын арыстанды" алған болатын. Енді "Оскар" марапатының "Үздік шетелдік фильм" номинациясынан үмітті.

Режиссер үшін бұл соншалық тансық жағдай емес, өйткені, бұрын "Гравитация" фильмі үшін "Оскар" иеленсе, "Сенің анаңды да" картинасы үшін Венеция кинофестивалі жүлдегері болған.

Жаңа туындысына тоқталатын болсақ, "Рим" — Мексикада орташа әлеуметтік топ тұратын аудан атауы. Фильм 1970 жылдардан сыр шертеді.

"Оқиғаның 90% өзімнің жеке естелігім бойынша жазылған. Фильмде Мексиканың қалыптасу кезеңі баяндалады",- дейді Куарон. "Римнің" премьерасы биылғы Венеция кинофестивалінде өтеді. Үлкен экрандарға жылдың соңында шығады деп жоспарланып отыр.

Картина Netflix платформасына жүктеледі. Оны 14 желтоқсаннан бастап интернет арқылы тамашалау мүмкіндігі пайда болады.

Автор
Арман