Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желіде Тоқаевтың жас кезіндегі суреті жарияланды (фото)

Әлеуметтік желіде Тоқаевтың жас кезіндегі суреті жарияланды (фото)

Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Telegram-каналында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суретін жариялады.

"Фотода Қазақстанның болашақ президентінің дипломаттар арасындағы турнирге қатысып жатқан сәті. Бейжің қаласы, 1986 жыл", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, жазбаға қосымша жарияланған видеодан президенттің жас спортшымен үстел теннисін ойнап жатқанын байқауға болады. Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1979 жылы сенбілікте түскен суретін жариялаған болатын. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген еді.

Автор
Еркебұлан