Испанияға бара жатқан қытайлықтар Жамбыл облысында адасып қалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемнің үздік баянистері Астанаға жиналды: Coupe Mondiale 79 басталды

Әлемнің үздік баянистері Астанаға жиналды: Coupe Mondiale 79 басталды
Фото: «Қазақконцерт» баспасөз қызметі

Астанада әлемдік баян және аккордеон өнеріндегі ең беделді додалардың бірі – «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы басталды. Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 16 елден 153 өнерпаз қатысып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Байқаудың салтанатты ашылу рәсімі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында өтті. Салтанатты шараға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының (CIA) басшылығы мен делегаттары, халықаралық қазылар алқасының мүшелері, отандық және шетелдік музыка мамандары қатысты.

Айбек Сыдықов қатысушыларға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын жеткізді. Министр өз құттықтауында «Coupe Mondiale» байқауының Қазақстанда ұйымдастырылуы еліміздің мәдени саласын дамыту және халықаралық шығармашылық байланысты нығайту бағытындағы жұмыстың нәтижесі екенін атап өткен.

Аида Балаева халықаралық деңгейдегі мұндай байқаудың елде өтуі қазақстандық жас музыканттарға тәжірибе жинауға және әлемдік сахнаға шығуға жаңа мүмкіндік беретінін де атап өтті.

Биылғы «Coupe Mondiale 79» байқауына барлығы 147 өтінім қабылданған. Оның 126-сы жеке орындаушылардан, тағы 21-і ансамбльдерден түскен. Байқауға қатысушылардың жалпы саны 153 адамды құрайды. Астанаға Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Португалия, Черногория, Сербия, Хорватия, Швейцария, Жапония, Өзбекстан, Бразилия, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Солтүстік Македония және Беларусь елдерінің өнерпаздары келген.

Халықаралық шараға CIA-ның 48 делегаты да қатысып жатыр. Олардың арасында ұйым басшылары, музыкалық комитет мүшелері, халықаралық қазылар және баян мен аккордеон өнерінің танымал өкілдері бар.

Елордаға Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының президенті Мирко Патарини, CIA Бас хатшысы Киммо Маттила, ұйымның қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Харли Джонс, Музыкалық комитет төрағасы Александр Селиванов, оның орынбасары Грейсон Мейсфилд, Конгю (Кристал) Ванг және басқа да өкілдер келді.

«Coupe Mondiale 79» аясында Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясы делегаттарының 156-шы конгресі де өтіп жатыр. Онда ұйымның халықаралық қызметі, баян және аккордеон өнерін дамыту, кәсіби музыкалық білім беру және әр елдегі ұлттық орындаушылық мектептер арасындағы байланысты күшейту мәселелері талқыланады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.