Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемдік спорт тарихында ең көп табыс тапқан спортшының аты аталды

Әлемдік спорт тарихында ең көп табыс тапқан спортшының аты аталды

Майкл Джордан гольфшы Тайгер Вудс пен футболшы Криштиану Роналдудан басым түсті

Аты аңызға айналған америкалық баскетболшы Майкл Джордан ең көп ақы төленетін 50 спортшының тізімін бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

62 жастағы ардагер қазіргі жұлдыздар – гольфшы Тайгер Вудс пен футболшы Криштиану Роналдудан басым түсті.

Sportico мәліметі бойынша алты дүркін Ұлттық баскетбол қауымдастығы чемпионының жалпы қаржылық табысы 3,8 миллиард долларды немесе доллар инфляциясын есепке алғанда 4,15 миллиард долларды құрады.

Джорданнан кейін Тайгер Вудс (инфляцияны есепке алғанда $1,91 млрд / $2,79 млрд) және Криштиану Роналду ($1,83 млрд / $2,23 млрд) келеді.

Ең бай 10 спортшының қатарына (инфляцияны есепке алғанда):

  • баскетболшы Леброн Джеймс (1,88 млрд доллар),
  • футболшы Лионель Месси (1,85 млрд доллар),
  • гольф ойыншысы Арнольд Палмер (1,82 млрд доллар),
  • гольф ойыншысы Джек Никлаус (1,75 млрд доллар),   
  • футболшы Дэвид Бекхэм (1,61 млрд доллар),
  • теннисші Роджер Федерер (1,59 млрд доллар),
  • боксшы Флойд Мейвезер (1,52 миллиард доллар).

Сонымен қатар Испанияның «Реал» футбол клубы Laureus бағалауы бойынша 2024 жылдың үздік командасы деп танылды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.