KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Әлемдегі ең қатал ана”: Дина Төлепберген алғаш анасын көрсетіп, туған күнімен құттықтады

Айжан Сыланова
Фото: instagram.com/dina.tolepbergen

Журналист әрі тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында анасының туған күніне орай жүрекжарды жазба жариялады, деп жабарлайды kznews.kz.

Ол анасының өмір жолы оңай болмағанын айтып,

«Менің анам небәрі 11 жасында өз анасынан айырылған» деп бөлісті. Сол себепті болар, есейген шағында дәрігер болуды армандағанын да жазды. Балалық шағын еске алған журналист бір кездері анасын «әлемдегі ең қатал ана» деп қабылдағанын жасырмады. Алайда уақыт өте келе бұл қаталдықтың астарында баласын өмірге шыңдап, ерте есейткісі келген аналық мейірім жатқанын түсінген.

«Еркін таңдау жасауға мүмкіндік беріп, әрдайым “батыл бол” деп қамшылағаны есімде», – дейді ол.

Жазба соңында Дина Төлепберген анасына деген алғысын білдіріп,

«Туған күніңмен, Мама. Менің бүгінім, болмысым – бәрі де Сенің еңбегің!» деп жүрекжарды тілегін арнады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →