Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемдегі ең бай адам анықталды

Әлемдегі ең бай адам анықталды

Америкалық миллиардер Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адамдар тізімінде. Бизнесмен тағы да Bloomberg тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Tesla және Space X негізін қалаушы бірінші жартыжылдықта өзінің байлығын 100 миллиард долларға дерлік арттырған. Жарты жылдың ішінде ол өз капиталын 234 миллиард долларға дейін ұлғайтқан.

Агенттіктің мәліметінше, шілдеде Tesla акциялары 6,9 пайызға өсіп, кәсіпкерге тағы 13 миллиард доллар табыс әкелген.

Екінші орында LVMH иесі Бернар Арно 200 миллиард доллармен тұрса, американдық кәсіпкер және Amazon.com негізін қалаушы Джефф Безос 154 миллиард доллармен үздік үштікті қорытындылады.

Табысы бойынша Илон Масктан кейін Meta Platforms иесі Марк Цукерберг тұр - маусым айында оның байлығы 58,9 миллиард долларға өсіп, қазір 104 миллиард доллар болды. Цукерберг - әлемдегі ең бай адамдар тізімінде тоғызыншы орында.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары