Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Әлем аруы-2018" байқауының қатысушысы Қазақстанды таныстырды - Видео - Мәнер

"Әлем аруы-2018" байқауының қатысушысы Қазақстанды таныстырды - Видео - Мәнер

Қазақстан атынан "Әлем аруы-2018" байқауына қатысатын Екатерина Дворецкая YouTube хостингіндегі Miss World арнасында отаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жасым 20-да, Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде (Абылай хан атындағы) оқимын. Қазақстан атынан "Әлем аруы-2018" байқауына қатысамын. Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-орында, Еуропа мен Азияда орналасқан және Қазақстанның табиғаты таңғажайып сұлу", - дейді Екатерина Дворецкая видеода.

Сондай-ақ, сұлулық байқауының қатысушысы өзі жайлы біраз айтып өтті.

"Қазір халықаралық қатынастар факультетінде оқып жатырмын. Болашақ мамандығым тілмен байланысты. Қазіргі уақытта қазақ, ағылшын және испан тілдерін оқып жатырмын", - дейді Дворецкая. 

Екатеринаның айтуынша, бұдан бөлек ол теннис, атлетика және йогамен айналысады. Болашақта дипломат болып, қайырымдылық жасаумен айналысқысы келеді екен.

Екатерина Дворецкая 1998 жылы 4 қазанда Қарағандыда дүниеге келген. 2017 жылы Қазақстанның бірінші вице-аруы атағын жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, "Әлем аруы-2018" байқауы 8 желтоқсанда Қытайда Хайнань аралында өтеді.

"Әлем аруы" байқауы үміткерінің ұлттық костюмі жанкүйерлерін тәнті етті

Автор
Бауыржан