1 674 699 адам: Астана тұрғындарының ресми саны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
Mikhail Svetlov/Getty Images

Александр Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Беларусь президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лукашенко құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстан тарихындағы ерекше рөлін атап өткен.

"Сіздің есіміңіз заманауи Қазақстан тарихында айрықша орын алады. Стратегиялық көзқарасыңыздың, саяси даналығыңыздың және көпжылдық қажырлы еңбегіңіздің арқасында елдің тұрақты дамуы мен ілгерілеуінің берік негізі қаланды", – делінген құттықтау мәтінінде.

Беларусь басшысы сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы достық, стратегиялық әріптестік және одақтастық байланыстарды нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Лукашенконың айтуынша, Тұңғыш Президенттің тікелей қатысуымен қалыптасқан өзара сенім мен сындарлы ынтымақтастық дәстүрлері бүгінгі таңда да Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың берік іргетасы болып отыр.

Құттықтаудың соңында Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақ-береке және туған-туыстарының ортасында ұзақ ғұмыр тіледі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер