Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегін көтеру көзделіп отыр - Ұлттық банк
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алдағы үш күнде аяз күшейе түседі

Алдағы үш күнде аяз күшейе түседі
21 Желтоқсан 2018, 13:19 647 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет»РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері Қазақстанға әсерін тигізген антициклон әлсірей бастайды. Бірақ Таймыр төңірегінде жаңа антициклон қалыптасып, және ол күшейіп, Батыс Сібірдің орталық аймақтарына ығыса бастайды және оның сілемі Қазақстанға әсерін тигізеді.

Сондықтан алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде суық, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, қар тек республиканың жеке аймақтарында күтіледі, тұман оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында сақталады, батыс аймақтарда да тұман, сонымен қатар көктайғақ болады.

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда бұрынғыдай түнде 30…39°С аяз күтіледі, бұл климаттық нормадан 7…10°С төмен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Арман