KZNews.kz
Жаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Дархан Тоқан
Қазақстанда қалың қар жауады: Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы

Алдағы үш тәулік ішінде атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктер республика бойынша тұман жиілейтінін ескертеді. Әсіресе елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Бұл күндері жолға шығатындар сақтықты күшейтіп, қысқы жабдықты тексеріп алғаны жөн.

22 қаңтарда суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, ауа температурасы күрт төмендейді. Түнде 25–38 градус аязға дейінтүссе, күндіз 20–30 градус аязға дейін сақталады. Мамандар мұндай кезде алыс сапарды кейінге қалдырып, далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді. 

Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды. Күндіз оңтүстік өңірлерде 5 градус аяздан 3 градус жылуға дейін құбылады, таулы аудандарда 8–13 градус аяз сақталады. Батыс аймақтарда 5–13 градус аяз болады деп күтіледі.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары